Ұлттық жабдықтар жәрмеңкесі

734

0

Бүгін «Арай сити молл» ойын-сауық орталығында «Сырдың шебер аналары» атты жәрмеңке өтті.

Жәрмеңке барысында өнерлі аналардың өз қолдарымен жасаған заттарынан көрме ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – іскер, талантты аналрдың еңбектері арқылы ұлттық өнерді дамыту болып табылады. Аналардың басым бөлігі отбасында көп балалы жандар.

Жәрмеңкеге облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Уалихан Ибраев арнайы қатысып, өзінің ыстық лебізін білдірді.

Сондай-ақ, облыстық қоғамдық даму басқармасы алдағы уақытта аналарды қолдауда, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде өз көмегін көрсетуге даяр екенін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<