Қызылорда облысында синтетикалық есірткі таратқан азамат 10 жылға сотталды

532

0

Қызылорда облысында синтетикалық есірткі таратқан 24 жастағы азамат 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылдың қазан айында Қызылорда облысының 24 жастағы тұрғыны мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетиканы қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге қойып кетіп жүрген.

Тергеу барысында күдікті азаматтың жасаған іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3,5,6-тармағымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сараланып, айыптау актісімен сотқа жолданды. 6 сәуірде айыпталушы сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<