Қызылорда облысында 836,5 мың халық

861

0

2023 жылдың 1 сәуіріне облыстағы халық саны 836,5 мың адамды құрады. Бұл туралы ҚР СЖРА ҰСБ Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы хабарлады.

Оның ішінде қалалықтар – 392,7 мың (46,9%), ауылдықтар –443,8 мың адам (53,1%). 2022 жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда халық саны 6,0 мың адамға немесе 0,7% өсті.
Халықтың табиғи қозғалысы
2023 жылғы қаңтар-наурызда облыс халқының табиғи өсімі 2022 жылғы қаңтар-наурызымен салыстырғанда (3660 адам) 3,6% өсіп, 3792 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,32 адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2023 жылғы қаңтар-наурызда дүниеге келгендер саны 4878 адамды құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурызға (4840 адам) қарағанда 0,8% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,57 туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар 1086 адам, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурызға (1180 адам) қарағанда 8,0% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,25 қайтыс болғандарды құрады.
2023 жылғы қаңтар-наурызда облыста 1 жасқа дейінгі шетінеген 44 нәресте тіркелді. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (72 нәресте шетінеген) 38,9% азайды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 9,02 оқиғаны құрады.
Халықтың көші-қоны
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2023 жылғы қаңтар-наурызда облысымызға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 4490 адамды, облыстан кеткендердің саны 5414 адамды, көші-қонның айырымы -924 адамды құрады. 2022 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 6,9%, ал облыстан кеткендер саны 8,1% азайған.
Алыс және жақын шет елдерден 4 (2022 жылғы қаңтар-наурызда 1) адам, республиканың басқа облыстарынан 1331 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1442 адам келген болатын.
Облыстан 2253 адамның немесе жалпы көлемнің 41,6% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына қоныс аударуына байланысты болды (2022 жылғы қаңтар-наурызда тиісінше 2511 адам немесе 42,6% кеткен болатын).
Алыс және жақын шет елдерге 6 адам, ал 2022 жылдың қаңтар-наурызында 1 адам көшті.
Облыстың 3155 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырған (2022 жылғы қаңтар-наурызда 3380 адам).

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<