Алимент өндіру өте маңызды мәселе

470

0

Сурет: ашық дереккөз

Облыс прокуроры Нұрлан Бижановтың төрағалығымен алимент өндіру бағытында атқарылған жұмыстарға қатысты ведомствоаралық мәжіліс өткізілді. Кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру сот орындаушылары мен уәкілетті органның тікелей міндеттерінің бірі болып табылады.

Облыс бойынша жыл басынан бері 18 400 балаға қатысты алимент өндіру туралы 12 575 атқарушылық құжат болса, оның ішінде 446 балаға қатысты 308 құжат бойынша 379,8 млн теңге берешек болып, бүгінгі күнге 1 025-і аяқталған (728 – орындаусыз кері қайтарылған, 213 – тоқтатылған, 84 – толық орындалған).

Қазіргі уақытта 17 мың балаға қатысты 11 550 атқарушылық құжат қалдықта, 291 балаға қатысты 208 құжат бойынша 243,7 млн теңгеге қарыз өндірілмей отыр.

Яғни, жыл басынан бері берешек тек 136,1 млн теңгеге азайған (Қызылорда – 88 млн, Байқоңыр – 16 млн, Қазалы – 9,7 млн, Арал – 8,6 млн, Қармақшы – 2,4 млн, Жалағаш – 12,1 млн, Сырдария – 7,2 млн, Шиелі – 7,1 млн, Жаңақорған – 6,8 млн).

Тексеру нәтижесінде алимент өндіру туралы қаулыны борышкердің жұмыс орнына уақытылы жолдамау, борышкердің ел аумағынан шығуын уақытша шектемеу, борышкерлерді әкімшілік жауаптылыққа тартпау, борышкердің есепшоттарына және мүлкіне тыйым салмау сияқты 389 заң бұзушылықтар анықталды.

Мәжілісте Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ұ.Оразгелді және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы К.Десятниченко атқарылған жұмыстар мен орын алған заң бұзушылықтар бойынша есеп берді.

Одан бөлек облыс прокуроры полиция мен аумақтық прокурорларға борышкерлерді Қылмыстық кодекстің 139-бабымен жауаптылыққа тарту бағытында нақты шаралар атқаруды тапсырды. 

Ведомствоаралық мәжіліс нәтижесімен уәкілетті органдар мен сот орындаушыларға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы жөнінде 6 айдың қорытындысымен тыңдалатындығы, заңсыздықтар мен кемшіліктер жойылмаған жағдайда қатаң шаралар қолданылатындығы ескертілді.

Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, өз жалғасын табуда.

Бұл мәселе облыс прокуратурасының жіті бақылауында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<