Кеңес отырысына қатысады

381

0

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 мамыр күні өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына қатысады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысады, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Кәсіпкерлікті дамыту мәселесі қаралды

Сенаттағы «Өңір» депутаттық тобының мүшелері «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесті. Жүздесуде шағын және орта бизнесті дамыту және одан әрі қолдау мәселелері талқыланды.

Топ жетекшісі Серік Шайдаров кездесуде ел Президенті шағын және орта бизнесті дамытуға баса назар аударып отырғанын, бұл ретте Парламенттің VIII шақырылымының I сессиясында бәсекеге қабілетті отандық бизнесті өркендетуді қамтамасыз ету міндетін алға қойғанын атап өтті.

«Біздің Палата өңірлер тұрғындарының, оның ішінде шағын және орта бизнес өкілдерінің мүддесін білдіреді және салалық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс істеуде. Біз мемлекеттік сатып алу саласын қоса алғанда, шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты реттеу рәсімдерін оңайлату, салықтық ынталандыру, инвестициялық белсенділікті арттыру, әкімшілік жүктемені азайту жөніндегі шаралар ұсындық» деді сенатор Шайдаров.

Сенаторлар сонымен қатар «Өңір» депутаттық тобымен пікірсайыс тұрғысында 4 отырыс ұйымдастырды. Онда депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және өңірлерден келген кәсіпкерлер шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Сенат депутаттары әр тақырып бойынша өткен отырыстарға төрағалық етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<