Қызылордалық оқушылар кинологиялық
орталықтың жұмысымен танысты

446

0

«Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық орталыққа экскурсия ұйымдастырды.

Оқушыларға кинологиялық орталықтың аумағы көрсетілді. Балалар кинологтар мен олардың қызметтік иттерінің жұмысымен танысты. Атап айтқанда, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қылмыскерді құрықтау.

Кездесу барысында экскурсанттарға қызметтік иттердің тұқымдары мен әдеттері, оларды есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте қолдану мүмкіндіктері туралы айтылды. Сондай-ақ, қызметтік иттердің ұзақтыққа жүгіру мен түрлі кедергілерді алу тәсілдері көрсетілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<