Балаларға базарлық

985

0

ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің жеке құрамы бүлдіршін ұл-қыздарды бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Шекарашылар жыл сайын облыстағы балаларды оңалту орталығына барып, ондағы бүлдіршіндерге сый-сияпат табыстауды дәстүрге айналдырған. Осы жолы да олар бүлдіршіндерге конструкторлар, көліктер, ой-өрісті дамытуға арналған ойыншықтар мен тағыда басқа түрлі сыйлықтарды тарту етті.

Сондай-ақ, орталықтың балалары келген қонақтарға мерекелік қойылым қойып, жас өнерпаздар баршаға қуаныш, күлкі, тамаша көңіл-күй сыйлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<