Оқыс оқиғалар

338

0

Үш адам қаза тапты

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұсында екi жеңіл көлік соқтығысқан. 11 маусым күні орын алған қайғылы оқиға салдарынан 3 адам көз жұмып, 2 адам түрлі дене жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

– ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген полиция ақпаратында.

Көшедегі көлік апаты

Қызылордада төрт жеңіл автокөлік соқтығысып, біреуінің алдыңғы бөлігі жанып кетті. 10 маусымда, сағат 22:25-те Абай көшесінің бойында автокөлік жанып жатқаны жөнінде 101 пультіне хабарлама түскен.

– Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 2 техника мен 7 қызметкер шықты. Олар 22:29-да оқиға орнына жетті. Көше бойында 4 автокөліктің соқтығысуынан «Toyota Estima» автокөлігінің алдыңғы қозғалтқыш бөлігі жанған. Автокөлікке газ орнатылғаны анықталды. Өрт 22:45-те толығымен сөндірілді. Адамдар аман, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Мәскеуліктер құтқарылды

Шомылу маусымы ашылғалы бері бірнеше адам құтқарушылардың табандылығының арқасында ажалдан аман қалды.

Соның бірі 2 маусым күні Арал ауданы Қамыстыбас елді мекені Қамбаш көлінің «Аққұмшық» жағажайында болды. Демалушылардың «Сабборт» қайығымен ығып кетіп, жағаға қайта алмай қалғаны туралы 101 пультіне хабарлама түскен. Шақырту бойынша Арал ауданы Қамыстыбас елді-мекеніндегі жедел құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылған.

Құтқарушылардың шапшаң әрі кәсіби біліктілігінің нәтижесінде мәскеулік ерлі-зайыпты жағадан 4 шақырым жерден құтқарылып, құтқарушы-медбике А.Базарбаева алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Аман қалған 1975 және 1986 жылғы мәскеулік ерлі-зайыпты құтқарушыларға өз алғыстарын білдірді.

А.ӘДІЛЖАНҰЛЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<