«Тұран металл» серіктестігі тауар түрлерін арттырмақ

386

0

Сурет ашық дереккөзден

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Сәбиұлы Ансат түрік инвесторларымен бірлесіп құрылған «Тұран Металл» ЖШС-нің өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында кәсіпорынның бас директоры Мехмет Озтюрк алдағы мақсаттары мен туындаған проблемалық мәселелері туралы баяндады.

Атап өту қажет, «Тұран Металл» серіктестігі металл өңдеу цехын 2021 жылы іске қосып, бүгінгі күні тұрақты жұмыс жасауда. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестор 400 млн. теңге қаражат салған. Қазіргі таңда 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда.

Алдағы уақытта кәсіпорын жергілікті тұрғындарға ұсынатын тауар түрлерін арттыруды көздеп отыр.

Өз кезегінде, басқарма басшысы мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге берілетін қолдау шаралары туралы түсіндіріп, қолданыстағы заңнама аясында тиісті қолдау шараларын көрсетілетінін мәлімдеді.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<