«Стоп трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

568

0

Қызылорда ст . Желілік полиция бөлімінің Арал теңізі ст.ЖПб қызмет ету аймағында 2023 жылдың маусым айының 14-16 аралығында «Стоп трафик» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты қызмет ету аймағында жолаушылар поездарында адам саудасымен, оларды тартумен, ұрлаумен бас бостандығынан заңсыз айырумен байланысты қылмыстарды ескертуге, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған, сондай-ақ жезөкшелікпен айалысуға арналған притондар ұйымдастырудың және ұстаудың жолын кесуге бағытталған іс-шара. Іс-шара аясында Арал теңізі ст. ЖПб-нің қызметкерлерімен қызмет ету аймағында профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып жүргізілуде.
Егерде Сіз аталған қылмыстың құрбаны немесе куәсі болсаңыз мына телефон номеріне хабарласуыңызға болады: Қызылорда ст. Желілік полиция бөлімі: 8/7242/29-25-80, факс 8/7242/29-25-80

Арал теңізі станциясындағы желілік полиция бөлімшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<