Неміс бизнес-делегациясы Қызылордада болды

270

0

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов «Краммель» неміс корпорациясы өкілдерін қабылдады.

«Краммель» корпорациясы 1947 жылы құрылып, өнеркәсіптік ғимараттарды салудан бастап, жоғары сапалы және заманауи сәулетті көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүзеге асырады.

Кездесу барысында делегация өкілдеріне облыстың инвестициялық әлеуеті таныстырылып, өзара тиімді ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды. Атап айтқанда, неміс тарапына облыс аумағында құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылық өнімдерін терең өндеу және азық-түлік өнеркәсібі бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру ұсынылды.

Кездесу соңында әкімдік шетелдік инвесторлармен өзара ашық әрі сенімді байланыстар орнатып, бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<