Жаңа клиника ашылды

412

0

Бүгін сол жағалау мөлтек ауданында заманауи технологиялармен жабдықталған «NAZDARMED» отбасылық және интегративті медициналық клиникасы ашылды.

Салтанатты шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов «Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысы алдымызға қойған басты міндеттердің бірі. Біз шаһардың барлық тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуді мақсат еткен мұндай ауқымды жобаларды қолдауға әрқашан дайынбыз», – деп, клиника ұжымының жұмысына табыс тіледі.

32 маман жұмыспен қамтылып, қызылордалықтарға қолжетімді медициналық қызмет ұсынатын емдеу нысаны жобасын клиника басшылығы «Даму» қорының қолдауымен Қазақстан Халық Банкінен 71 млн тг, екінші деңгейлі банктерден 42 млн теңге несие алу арқылы жүзеге асырып отыр.

Соңғы үлгідегі құрылғылармен жарақтанып, білікті мамандардың басын қосқан емдеу нысаны қызылордалықтарға күндізгі стационар және диагностикалық кеңестер қызметін ұсынатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<