Қызылордада жарамсыз қоқыс салдарынан өрт шықты

567

0

2023 жылғы 21 маусым күні 16 сағат 09 минутта Мерей мөлтек ауданы ЖШС “EnergyGaz” ауласында өрт шыққаны жөнінде 101 пультіне хабарлама түсті.

Аталған шақырту бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 1 техника 5 қызметкер жұмылдырылып, өрт сөндірушілердің барлау жұмыстарының нәтижесінде көлемі 10*10 болатын қоқыс пен жарамсыз автокөлік доңғалақтары жанып жатқаны белгілі болды.

Өрт 16 сағат 35 минутта толық сөндірілді. зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<