Өртті дер кезінде тоқтатты

617

0

2023 жылғы 23 маусымда сағат 04:04-те Қызылорда қаласы Ғ. Мұратбаев көшесі №77 мекенжайда орналасқан «JanSel» караоке клубының жанып жатқаны жөнінде 101 пультіне хабарлама түсті.

Аталған шақырту бойынша өрт сөндіру қызметінен 8 техника 38 қызметкер жұмылдырылды. Оқиға орнына бірінші жеткен өрт сөндіру бөлімі барлау жұмыстарын жүргізіп жалпы ауданы 425 шаршы метр болатын 1 қабатты»JanSel» караоке клубы ашық жалынмен толық жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің біріккен әрі жедел әрекетінің нәтижесінде караоке клубтың жапсарлас салынған 2 қабатты және 1 қабатты жалпы ауданы шамамен 25*10 болатын жаздық тамақтану орны, сонымен қатар, өрт ошағының оңтүстік бетінде орналасқан ауданы шамамен 400 шаршы метрді құрайтын “Абзал проект консалтинг ”ЖШС-ін, шығыс бетте орналасқан тұрғын үйге таралуына жол берілген жоқ. Өрт 05:22-де оқшауланып, сағат 05:34-те толық жойылды.

Тілсіз жаудан қаза болғандар мен мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Өртке жалпы Өрт сөндіру қызметінен 38 қызметкер және 8 техника, апаттар медициналық орталығынан 4 қызметкер және 1 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техника бірлігі, электр торабы 3 адам және 1 техника жұмылдырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<