Конкурстардың 82 пайызы аяқталды

344

0

Осы жылдың бес айында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы 2763 конкурс жариялаған. Жарияланған конкурстардың 82 пайызы аяқталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов айтты.

– Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін және қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша басқарма қызметкерлері онлайн форматта әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттандырып, мұндай шаралар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, басқарма заң нормаларын қолдану тәжірибесінен жинақтаған ақпараттарға талдау жасап, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңтайландыру мақсатында саладағы уәкілетті орган – Қаржы министрлігіне өз ұсыныстарын үнемі жолдап келеді. Нақтырақ айтсақ, осы жылдың 5 айында басқарма тарапынан 13 ұсыныс жолданды, – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жергілікті атқарушы органдарға бағынысты 1041 тапсырыс беруші тіркелген.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<