Журналистер арасында «Караоке BAQ» мерекелік сайысы өтті

425

0

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының ұйымдастыруымен алғашқы рет «Караоке BAQ» мерекелік сайысы өтті.

Тартысты сайыс басталмас бұрын облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов журналистер клубының белсенділеріне жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді дәріптеуде қосқан елеулі үлестері үшін Алғыс хат пен Monamie бутигіне сертификат табыстап, ізгі лебізін білдірді.

Мерекелік шарада қатысушылар арнайы Журналистер клубының жұмысын бейнелейтін Фотостендіде естелік суреттерге түсіп, бейнеролик тамашалады. Мұнан соң қатысушылар бір түсті шарларды таңдап, үш топқа бөлінді. Топтар атауларын таңдап, оны таныстырды. Бірінші топ – «Makeba», екінші топ – «BAQ like», үшінші топ – «7 МУЗ».

Сайыс нәтижесінде жүлделі бірінші орынды – «Makeba», екінші орынды – «7 МУЗ», үшінші орынды – «BAQ like» командасы жеңіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ерекше көңілді күйде тарқасты.  

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<