Апта ағымында

684

0

ФРАКЦИЯ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Партияның Атқарушы хатшысы, ҚР Парламенті  Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаевтың төрағалығымен Мәжілістегі фракцияның жиыны өтті. Онда депутаттардың өңірлерге шығуына байланысты бірқатар маңызды міндеттер белгіленіп, партияның 2023-2027 ж.ж. арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясындағы Жол картасын жүзеге асыру жұмыстары қаралды. Жиынға бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалының төрағасы Н.Байқадамов пен Атқарушы хатышысы Л.Төрешова қатысты.

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

Астана қаласында «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының алғашқы республикалық форумы өтті. 2500-ден аса партияластардың басын қосқан саяси іс-шараға Сыр өңірінен 123 делегат қатысты.

Форумның мақсаты – Мемлекет басшысының саяси реформаларының нәтижесі ретінде депутаттар мен мәслихаттар жұмысындағы өзгерістерді ілгерілету. Іс-шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту, сондай-ақ, мәслихаттың өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

Мұнан бөлек форумның екінші бөлігі арнайы 11 панельді сессия жұмысымен жалғасты. Әр сессияға 250-300 фракция мүшелері қатысып, түрлі сала министрлеріне өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Аптада облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Онда партияның Қызылорда облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Жол картасының І жартыжылдықтағы орындалуы қаралды.

Партияның сайлауалды бағдарламасын өңірде іске асыруға бағытталған Жол картасы 122 іс-шараны қамтиды. Мұнда аймақ экономикасын дамуытуға инфрақұрылымдық жүйелерді жақсартуға, білім беру, денсаулық сақтау мәдени және спорттың қолжетімділігін арттыруға, әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдауға, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар қамтылған.

 Фракция отырысына партияның облыстық филиал төрағасы Н.Байқадамов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова, сонымен қатар облыстық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша фракция мүшелері тарапанан түрлі ұсыныстар ортаға салынып, хаттамаға енгізілді.

КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«АMANAT» партиясы жанындағы Экономика, цифрландыру және инновацияларды дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті. Онда еңбек нарығын дамытудың кешенді жоспары талқыланды. Отырысқа бейнебайланыс арқылы аймақтық кеңестің төрағасы Б.Махашов қатысты.

Мұнан бөлек жұмыс аптасында жастардың арасындағы вейп, электрондық темекілер шегудің алдын алу мен болдырмаудың тиімді жолдарын анықтау және жүйелі шаралар ұсыну «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңес отырысында қаралды. Аталған мәжіліске ZOOM платформасы арқылы аймақтық кеңес төрағасы Н.Әмитов қатысты.

«MIRAS» АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Партияның азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту бағытындағы «MIRAS» аймақтық кеңесі Сырдария ауданында өтті. Онда қатысушылар тарихи-мәдени нысандарды аралады. Кеңес мүшелері Қалжан ахун мешіт-медресесі, Қалжан ахун сағанасы, Су қыспақты мұнара мен 1905 жылы салынған Теміржол вокзалы ғимаратымен танысты.

Мұнан соң іс-сапар қорытындысы бойынша кеңес төрағасы Б.Қожамберлиевтің жүргізумен арнайы отырыс өткізіліп, аудандағы мәдени-нысандардың жай-күйі бойынша аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев және ұрпақ тәрбиесіне байланысты білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков баяндама жасады.

ПАРТИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Облыстық партия филиалына қарасты аумақтық филиалдарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанармай бағасы мен қорына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу барысында тұрғындар көп тұтынатын азық-түлік өнімдері бағаларын шекті бағадан қымбаттатпау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мониторинг жүргізу барысында кәсіпкерлер тарапынан бағаны тұрақтандыру бағытындағы ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АКЦИЯСЫ

Қызылорда облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жастар арасында нашақорлық мәселесінің алдын алу шаралары бойынша акция бастаған болатын.

Акция барысында  есірткі құралдарын жарнамалауды жүзеге асыратын сайттарға сілтемелері бар тыйым салынған жазуларды бояу бойынша жұмыстар жүргізді. Рейдтік іс-шараға «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының белсенділері қатысып, қала тұрғындарына нашақорлықтың салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, арнайы жадынама таратты. Аталмыш акция аудандарда да өз жалғасын тапты.

АКУСТИКАЛЫҚ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының бастамасымен «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай Желтоқсан көшесі бойында кәсіпқой күйшілер мен жыршы-термешілер және әуесқой домбырашылардың қатысуымен «Қазағымның үнісің сен, Домбыра!» атты акустикалық кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кеште көңілді күйлер мен әсем әндер орындалып, қала тұрғындары ерекше көңіл-күйге бөленді.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ШАРАЛАРЫ

Жұмыс аптасында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясы мүшесі А.Әбибуллаева Сырдария ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар тілегін тыңдады.

Партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Е.Жалғасбаев жеке қабылдау өткізіп, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кеңес берді.

Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарында іс-шаралар, партиялық жобалар мен кеңестер, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы  қоғамдық-саяси 59  іс-шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<