Домбыра – халық мұрасы

511

0

Ұлттық құндылықтарымыздың бiрi – домбыра күнi облыс орталығында кең көлемде аталып өтiлдi.

Тұңғыш Президент саябағында «Күмбiрле, қоңыр домбыра!» атты гала-концерт ұйымдастырылып, өнер ұжымдары, жыршылар мен күйшілер ән мен күй төктi.

Облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы арнайы қатысып, өнер шеберлерін құттықтады.

Мерекелік кеште «Қара жорға», «Сарыарқа» секілді күйлер орындалып, қалың көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тұрар Бекмырзаев,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<