Тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

494

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жеке қабылдауда тұрғындар алаңдатқан түйткілдерін қозғап, өздерінің сауалдарын жолдады.

Оның ішінде көшелерге түнгі жарықшам орнату мен асфальттау, тұрақты жұмысқа орналасу және тағы да басқа мәселелер қозғалды.

Аудан басшысы әрбір келушінің сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта түйткілді мәселелерді бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

Айта кету керек, келушілер қатарында Қазалы ауданының тумасы, қазіргі таңда Астана қаласында тұратын Балтабай Исмайлов та болды. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ризашылығын жеткізгісі келген ақсақал арнайы жеке қабылдауға жазылыпты.

Қазалы ауданы әкімінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<