Денсаулық фестивалі

286

0

Сырдария ауданында Астана күні мерекесіне орай және «Есірткісіз аймақ» жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жеңімпаз бол» денсаулық фестивалі өтті.

Аталған фестивальде дәрігерлер қабылдауы мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

Спорттық сайыстың кермеге (турникке) тартылу, 100 метр қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру түрінен аудан жастары өзара бақ сынап, мықтылары тартысты доданың жеңімпаздары атанды.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар беріліп, дипломдар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<