Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

557

0

Синоптиктер Қазақстанның шығыс жартысында нөсер жауады деп болжап отыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, алдағы тәуліктерде еліміздің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді.Реклама

«Нәтижесінде күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп күтіледі. 8 шілдеде солтүстік-шығыс пен шығыста, 8-9 шілдеде республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады», – дейді метеорологтар.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болатыны атап өтілді.

«Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Барлық кезеңде батыста, 9-10 шілдеде солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында өте қатты ыстық болады – ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді деп күтіледі», – деп қорытындылады ведомство өкілдері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<