Құрылысы қарқынды Қармақшы

538

0

Қармақшы ауданында құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бері ауданда 11 460 шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға беріліп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 103,8 пайызды құрап отыр.

Жалпы ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 33,3 пайызға артты. Сондай-ақ, биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй сатып алу үшін Ұлттық қордан арнайы қаржы бөлінді. Осы орайда жыл соңына дейін кәсіпкерлер тарапынан екі пәтерлік 25 тұрғын үй салынып, заңдылыққа сәйкес сатып алынатын болады. Бұл жөнінде Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек хабарлады.

– Ауданымыздағы Т.Көмекбаев, Қармақшы, Алдашбай Ахун елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша арнайы жоба қолға алынған болатын. Қазіргі таңда бұл жоба бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Одан бөлек, ауданның көгілдір отынға қосылған елді мекендерінің санын арттыру мақсатында да тиісті жұмыстар орындалуда. Бүгінде Төретам кентінің 73,2 пайызы, Ақай ауылдық округінің 91,2 пайызы табиғи газбен қамтылды. Сондай-ақ, Дүр Оңғар елді мекенінде ауылішілік газ желісінің құрылысы мен Жосалы кенті «Тәуелсіздік» ықшам ауданындағы үйлерге көгілдір отын кіргізу үшн тиісті құжаттар өткізілді, – деді аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<