Құрылыс нысанымен танысып, сайлаушылармен кездесті

491

0

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Сыр өңіріне сапары барысында партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамовпен бірге  Сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі 100 адамға арналған дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты.

Жоба құны 493 552 927,11 теңге тұратын құрылыс жұмысының мердігер мекемесі «Интегрострой» ЖШС. Жобада дене шынықтыру – сауықтыру кешеніне келушілерге арналған автотұрақ қаралған. Нысанды жылумен қамтамасыз ету мақсатында жылу қазандығымен қамтамасыз етіледі.

«Мердігерлер нысанның құрылысын мерзімінде аяқтауы тиіс. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоғары деңгейде жүргізілуі маңызды. Сонымен қатар, сапасы барлық стандарттарға сай болуы керек» – деп атап өтті фракция мүшесі Мұрат Ергешбаев.

Мұнан соң фракция мүшесі көпбейінді қалалық аурухананың ұжымымен кездесті. Басқосуда партияның Сайлауалды бағдарламасының сапалы денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігі бойынша өңірдің медицина саласына қатысты атқарылатын біршама жоспарларды атап өтіп, ақ халаттылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесуде ұжым тарапынан медицина қызметкерлерінің мәртебесін және жалақысын көтеру туралы ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, халық қалаулысы қала маңындағы Ақсуат ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты. Тұрғындарға елдегі соңғы қабылданып жатқан заң жобаларын түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісіп, тұрғындардың талап-тілегін де тыңдады. Кездесуде ауыл ақсақалдары елді-мекенді жарықтандыру, газдандыру жұмыстарының игілігін көріп отырғандарын айтып, сайлауалды уәделердің уақытылы орындалып жатқанына ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар кездесуде ауыл жастарының жұмыссыздығы, ауыл көшелерін жөндеу мен жаяу жүргіншілер жолын салу туралы мәселелер көтеріліп, назарға алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<