3 тамызға ауа райы болжамы

365

0

Сурет ашық дереккөзден

3 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстікте – жауын-шашынсыз, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі, шығыста күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша екпінді жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Алматы облысында 40-42°С өтте қатты ыстық болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігінде өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Ақтобе облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Павлодар облысының онтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында өрт тұтанудың аса жоғары қаупі күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<