Қазалыда жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр

392

0

Қазалы ауданында ауыл арасындағы жолдар мен елді мекенішілік көшелердің жағдайы дұрысталып келеді. Өткен жылы 75 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолдары жөндеуден өтті.

Атап айтсақ, Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей, Әйтеке би-Басықара, Қожабақы-Бекарыстан би, Басықара-Абай-Өркендеу, Бекарыстан би- Майдакөл, Қожабақы-Бекарыстан би-Майдакөл, Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде, жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 85 пайызға жеткізілді.

Биыл тағы аудандық маңыздағы 4 автомобиль жолдарын жөндеуден өткізілмек. Олар Мұратбаев ауылына кіреберіс, Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей, Қожабақы-Бекарыстан би, Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей автомобиль жолдары. Бұл үшін бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінді.

Биылдың өзінде аудан орталығы – Әйтеке би кентінің 14 көшесі асфальтталатын болады. Ол қатарда Әуезов, Алтынсарин, Счастнов, Асан қайғы, Нұртуған жырау, Әл-Фараби, Әубәкіров, Жангелдин, Жанаділов, Нұрбай би, Сансызбаев, Құлтасбекова, Жалдыбай жырау және С.Сейфуллин көшелері бар.

Бұдан бөлек, 24 көшеге қиыршық тас төселіп жатыр. Сонымен қатар өндірістік аймаққа (КРЭК) кіреберіс жолы ағымдағы жөндеуден өтеді.

Сол секілді Қазалы қаласының 15 көшесін қайта жаңғыртуға 851,9 млн.теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Олар Түркебаев, Булекбаев, Булекбаев 2, Жакеев, Жанұзақов 1, Жанұзақов 2, Қазалы1, Қазалы2, Қодасов, Қосаев, Құлахметов, Құлқашов, Мергенбева, Мұратбаев, Өтепбергенова және Сәтпаев көшелері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<