Өңірдің бас құтқарушысы полиция қызметкерлеріне марапаттарын тапсырды

520

0

Бүгін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаев қос полиция қызметкеріне марапаттарын тапсырды.

Олар – бейбіт күннің батырлары: Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының саптық бөлімшесі қызметінің аға инспекторы полиция капитаны Айбек Едігеев пен Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының саптық бөлімшесі қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Мұрат Қазбеков.

Олар 2023 жылдың 20 сәуірінде Абай даңғылы №32 бес қабатты тұрғын үйде өрт оқиғасы кезінде 2 жасөспірімді 2-қабаттағы №86 пәтерден сыртқа аман-есен шығарған. Олар өз өмірлеріне де қауіп төніп тұрғанына қарамастан, жанып жатқан пәтер ішінен дер кезінде 2 баланы қауіпсіз жерге шығарды.

Сол ерліктері үшін полиция қызметкерлері 2023 жылдың 25 шілдеде ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор С. Шәріпхановтың алғыс хатымен марапатталған болатын. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев бейбіт күннің батырларына зор денсаулық пен қызметте абырой тіледі.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<