Қызылордалық полицейлердің  көмегімен  жасөспірім аман – есен  табылды

443

0

01.08.2023 жылы сағат 12:00 шамасында 14 жастағы жасөспірім Абдраманов Диас үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Алайда жасөспірімнің анасы 5 күн бойы «достарының үйінде жүрген» деген себеппен ұлын іздемей бейқамдық танытқан. Осылайша аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция  бөліміне 06.08.2023 жылы түнгі уақытта іс тіркеліп,іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Полиция қызметкерлерінің күшімен жасөспірімнің араласатын достары, қаланың көп қабатты шатырлары, өжірелері және ауладағы люктары, саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар тексеріліп, фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары ұйымдастырылды. 

Жүргізілген іс – шараларының  нәтижесінде 14 жастағы жасөспірімді 07.08.2023 жылы сағат 13:00 шамасында аман – есен тапты. Ювеналды бөлімнің инспекторлары жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын   жүргізді.

Құрметті ата – аналар! Егер де сіздің балаңыз немесе жақыныңыз із-түзсіз жоғалып жатса, онда уақыт өткізбей тез арада полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Полицейлер жоғалған жанды жедел табу үшін іздестіру шараларын атқаруға әрдайым дайын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<