«Даналық» қоғамдық қорымен тарихқа саяхат

563

0

«Даналық» Қоғамдық қоры «BIRGEMIZ: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында «Тарихқа саяхат» жобасын жүзеге асырды.

Жоба мақсаты – Қызылорда облысындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына, өмірдің қиын жағдайына тап болған бүлдіршіндерге оңтүстік өңірдің тарихи-мәдени мұраларын таныстыру.

Жоба авторы Даурен Абишев – волонтерлік жобаларды ұйымдастырушы, қоғам белсендісі. Жоба бойынша ескі Сауран қаласына, Сығанақ қалашығына, Түркістан қаласындағы Керуен сарай туристік кешеніне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия бүлдіршіндер үшін өте танымды, қызықты болды.

Тарихқа терең бойлау жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, елге деген, жерге деген патриоттық сезімін ұялатады. Аталмыш жоба әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларының өзіне деген сенімділігін арттыруға, қоғамда өз орнын табуға, тарихи мұраларды танып білуіне септігін тигізеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<