Айналымда жаңа пошта маркасы

650

0

«Т. Жүргеновтің туғанына 125 жыл» тақырыбындағы «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясының пошта маркасы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2023 жылдың 7 тамыздан «Т. Жүргеновтің туғанына 125 жыл» тақырыбындағы «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясына арналған пошта маркасы айналымға енгізеді.

2 бояулы офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі парақша. Парақта 105 марка бар. Парақтағы марка өлшемі 26 х 18 мм. Пошта маркасының номиналы – 500 теңге. Таралымы 1 000 000 дана. Дизайн І. Оңғарбай. Пошта маркалары ШЖҚРМК «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» кәсіпорнында басып шығарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<