Euro 2024: Қазақстан құрамасы тобында жаңа көшбасшылар анықталды

479

0

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы сынға түсіп жатқан H тобында алтыншы турдан кейінгі турнир кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған топта Дания сырт алаңда Финляндияны 1:0 есебімен тізе бүктірсе, Словения Сан-Маринодан 4:0 есебімен басым түсті.
Ал Қазақстан бұл турда Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен сүріндіргенін бұған дейін жазған болатынбыз. Солай, 12 ұпаймен екінші орынға көтерілген болатын.
Нәтижесінде қазір турнир кестесі келесідей: Дания – 13 ұпай, Словения – 13 ұпай, Финляндия – 12 ұпай, Қазақстан – 12 ұпай, Исландия – 3 ұпай, Сан-Марино – 0 ұпай.
Алда төрт тур ойындары қалды. Енді құрамалар қазан және қараша айларында шеберлік байқасады.
Алғашқы екі орынға ие болған құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысына тікелей жолдама алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<