Білім сапасының негізі – мұғалімнің кәсіби дамуы

562

0

Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында, дәлірек айтсам, 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Қазалы ауданының Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушыларына арналған біліктілік арттыру курсында кәсіби біліктілігімді жетілдірдім.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық педагог-ұйымдастырушыларының пәндік құзыреттіліктерін дамыту (10-11 сыныптар)» тақырыбындағы курс мұғалімдердің пәндік құзыреттілігін дамытуға бағытталған.Курс өте мазмұнды болды. Сабақ барысында тренеріміз Азамат Жалғасбаев топқа бөлді. Топтық жұмысымызды қорғап, әріптестермен тәжірибе алмастық.

Екінші аптада Әйтеке би кентіндегі автомектепке барып, «Автокөлікті басқару» тақырыбы бойынша жоба қорғадық. Мектептің жаттығу залында автокөлік жүргіздік.

Пәндік құзыреттілікті дамытуға бағытталған курста оқу пәнінен сабақ беруде иновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, білім берудің жаңа талаптарына сәйкес оқыту үдерісін жобалау, оқушыларға сапалы білім мен патриоттық тәрбие беру сапасын арттыру үшін сабақ барысында жаңа заманауи технологияларды қолдану дағдыларын меңгердік.

Өрлеудің Қызылорда облысындағы филиалында білім көкжиегін кеңейтіп, біліктілігін арттырған қазалылық әріптестеріммен бірге алған білім-білігімізді оқу үдерісінде, өз тәжірибемізде қолданатын боламыз.

Ахша Амантай,

Қазалы ауданындағы №97 орта мектептің

АӘТД пәні мұғалімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<