Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жалағаш ауданындағы «Таң ЛТД» ЖШС-нің күріш ақтау зауыты және ет өңдеу цехының жұмысымен танысты.
Таң ауылдық округіндегі «АгроЛидер Таң» ЖШС-ның ет өңдеу цехы 2019 жылы іске қосылған. Жоба құны 111 млн. теңге, оның 53 млн теңгесі «Байқоңыр» ӘКК тарапынан, 58 млн теңге – серіктестіктің өз қаражаты. Кәсіпорынның жер көлемі 0,3 гектар.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/awyl7-1024x683.jpg)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/awyl1-1024x683.jpg)
Цехта 15 түрлі ет өнімдері шығарылады. Айына 15 тонна өнімді облыс тұрғындарына тиімді бағада ұсынуда. Мұнда 8 адам тұрақты жұмыс істейді.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/awyl2-1024x718.jpg)
Ал шаруашылықтың «Диқан ата» күріш ақтау зауыты 2018 жылы іске қосылған. Өндіріске 150 млн.теңге қаражат жұмсалған. Зауытта тұрақты жұмыспен қамтылған 15 адам тәулігіне 100 тонна күріш ақтайды.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/awyl3-1024x697.jpg)
«Таң ЛТД» серіктестігі 2003 жылы құрылған. Серіктестік 2019 жылы тұқым шаруашылығы статусын алды. Қазір аудан шаруашылықтарын I репродукциялы «Лидер» сортымен қамтамасыз етуде.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/awyl4-1024x683.jpg)
Құрылым жыл сайын техника жаңартады. Биыл 662 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын еккен. Оның ішінде 483 гектарға күріш, 63 гектарға жаңа жоңышқа сеуіп, 116 гектар ескі жоңышқаны күтімге алған.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/awyl5-1024x683.jpg)
Аймақ басшысы мен Ауыл шаруашылығы министрі «Таң ЛТД» ЖШС жұмысына оң баға беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/09/awyl6-1024x683.jpg)
Еске салсақ, бұған дейін облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы мен Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қармақшы ауданында өткен «Дала күні» cеминар-кеңесіне қатысты.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<