Ауыл шаруашылығы мамандарын дайындауда

271

0

Қызылорда облысында 10 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы ауыл шаруашылығы мамандарын 8​ мамандық және 12 біліктілік бойынша даярлауда. Бүгінгі таңда аталмыш сала бойынша өңірде 2 мыңға жуық студент білім алуда, оның ішінде 1 875 студент мемлекеттік тапсырыспен оқиды.

Аймағымызда техникалық және кәсіптік білім беру​ ұйымдарында ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша жыл сайын 200-ге дейін маман даярланады. Оның ішінде 150-ден астамы жұмысқа орналасады.

Айта кету керек,​ колледж студенттері оқу кезінде кәсіпорын базасында кәсіби тәжірибеден өтеді, оның ішінде ақысы төленетіні де бар. Сондай-ақ, бүгінде 200-ден астам педагог кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті.​ Қазіргі таңда 26 кәсіпорын 10 ауыл шаруашылығы колледжіне шефтік қамқорлық етуде.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<