Көшелер орташа жөндеуден өтуде

381

0

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Іңкәрдария ауылында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Биыл ауылда Жамбыл, А.Құнанбаев және Қ.Сейдахметов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

А.Құнанбаев және Қ.Сейдахметов көшелерінің жөндеу жұмыстарын «Нур-Бестстройсервис» ЖШС атқарып, бүгінгі таңда асфальт жабындысы төселген. Ал Жамбыл көшесіне «ДаренСтройСервис» ЖШС тас төсеу жұмыстарын толық аяқтаған. Енді асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстардың сапалы жүргізілуі басты назарда болу керектігін айтты. Салалық бөлім басшысына тұрақты бақылауда ұстауды және орташа жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<