4 қазанда Қазақстанның 13 өңірінде тұман және үсік болады

407

0

Сурет: pixabay

«Қазгидромет» синоптиктері 4 қазанда Қазақстанның 13 өңірінде тұман, үсік болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының тау асуларында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұманды болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік боалды.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 1 градус үсік болады.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында, шығысында тұман. Түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында 3 градус үсік болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Павлодар облысының батысында тұман.

Астанада түнде және таңертең тұман, ал түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<