Күзгі егін жұмыстары бақылауда

435

0

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы ІІІ Интернационал ауылының егін-терін жұмыстарының барысымен танысты. «Достық Жер МК» ЖШС-нің басшысы Бекир Набиев ерте көктемнен 4055 га егіс алқабының 2157 гектарына күріш, көкөніс-бақша өнімдеріне – 60 гектар, жаңа жоңышқаға – 679 гектар, ескі жоңышқаға – 1159 гектар жер бөлініп, орналастырғанын айтты. Егін жинау жұмыстары бойынша 1265 гектар күріш, орылып, 850 гектар күріш бастырылды. Орта өнім әр гектарына 53,0 центнерден алынып жатқандығын жеткізді.

Ауылдағы «Болашақ» шаруа қожалығы бойынша таныстырған қожалық басшысы Али Рагибов мал бордақылау алаңы жобасы бойынша 2 гектар жер телімі белгіленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге дайындалғанын, қуаттылығы айына 100 бас МІҚ бордақылайтын мал бордақылау алаңы жобасын 2024 жылы іске қосу жоспарланғанын, аталмыш жоба аясында 5 жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отырғандығын жеткізді.

Жандос Еркінбекұлы өз сөзінде аудан экономикасының өрге басуының негізгі көзі ауыл шаруашылығын, агроөңдірісті дамыту екенін айтып, жүздерін күн қаққан дала еңбеккерлерінің дала дүбіріндегі еңбектеріне жеміс тілеп, сан ұлтты ұйыстырып отырған ауыл ақсақалдарының батасын алып, келесі ауылдағы «Тұрмағамбет» ЖШС-нің жұмысымен танысуға аттанды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<