Үш бойжеткен «Қырғызстан аруы» атағын жеңіп алды

444

0

Сурет ашық дереккөз

Қырғызстан үш финалист бірден «Қырғызстан аруы-2023» атағын жеңіп алды. Бұл сұлулық байқауының тарихында алғаш рет орын алды, деп хабарлайды АКИpress басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

3 қазанда Бішкек қаласында жыл сайынғы «Қырғызстан аруы» ұлттық байқауы өтті. Ұйымдастырушының айтуынша, биыл байқаудың шарттары өзгерді, бұл жолы үш қатысушыға бірден жеңімпаз атануға мүмкіндік берілді. Сұлулық байқауының финалында 17 бойжеткен бақ сынады.

Осылайша, сұлулық байқауында бірден үш аруға тәж кию бақыты бұйырды. 21 жастағы Ақылай Қалбердиева «Қырғызстан аруы» атағын жеңіп алып, ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. «Мисс Кыргызстан Вселенная» атанған 25 жастағы Майя Тұрдалиева Miss Universe 2024 халықаралық байқауына қатысу құқығына ие болды.

Ал «Мисс Кыргызстан Земля» атағына ие болған 21 жастағы Айпері Кеңесбекова алдағы уақытта Miss Earth 2024 халықаралық байқауында бағын сынамақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<