Фото: ҚазАқпарат
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орта персонал саналатын санитариялық дәрігерлердің еңбекақысы өсетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Санитариялық-эпидемиологиялық мамандар қазір мемлекеттік қызметшілерге жатады. Былтырдан бастап барлық мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы көтерілді. Енді біз осы салада жұмыс істейтін орта персоналдың жалақысын 16 пайызға көтеруді жоспарлап отырмыз», – деп мәлім етті Ажар Ғиният.
Еске салайық, 1 қыркүйектен дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің жалақысы көтеруге бағытталған Үкімет қаулысы шықты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<