Қазақстанның 10 қаласында қолайсыз ауа райы болжанды

407

0

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Жұма, 6 қазанда Атырау, түнде Ақтауда, Қарағандыда, Павлодарда, Риддерде, Семейде, Теміртауда, Өскеменде, Астана мен Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз ауа-райы жағдайы (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ кезінде елді мекендердегі атмосфера ауасының сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).

Бұған дейін Қазақстанда ауа райы күрт өзгеретіні хабарланған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<