Пошта қызметкерлері марапатталды

374

0

9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні мерекесіне орай, сала ардагерлері мен қызметкерлерін салтанатты қабылдау өтті.

Қабылдауды аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов жүргізді. Сондай-ақ, қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, тиісті сала басшылары, сала ардагерлері мен жауапты мамандар қатысты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде атап өтілетін бұл күн 1969 жылы пошташылардың Токиода өткен конгресінде ресми бекітілген. Ал, Қазақстан республикасының бүкіл аумағын қамтитын еліміздегі «Қазпошта» АҚ қызметіне биыл 30 жыл толып отыр.

Жалағаш аудандық пошта торабында 13 байланыс бөлімше жұмыс жасайды, онда 44 азамат қызмет атқаруда. Пошта торабы екінші деңгейлі банк ретінде Жалағаш ауданы бойынша 400-ден астам заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді.Сондай-ақ, Аққұм, Мәдениет, Аламесек ауылдарында бұл жұмыстармен қатар, келісімшартқа отырған банктер арқылы несие, депозит рәсімдеу жұмыстары қоса жүргізілуде.

Аудан бойынша 30-ға жуық мекеме пошта торабынан жалақыларын алса, зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны 3219-ды құрайды.

Бүгінгі қабылдауда Жалағаш аудандық пошта торабы қызметкерлері мен сала ардагерлеріне арнайы аудан әкімінің құттықтауымен, алғыс хаттары табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<