«Қателіктің құны»

1852

0

Жақында жерлесіміз, қаламгер Шымкентбай Жылмағанбетовтің «Қателіктің құны» атты кітабы Алматы баспасынан жарыққа шықты.

Жинақтағы әңгімелерге сонау 1990 жылдардағы аумалы-төкпелі қиын кезеңдегі өмір шындығы арқау болған. Алдап-арбау, ұрлық, рэкет, біреудің мүлкін тартып алу, алаяқтық, қастандық жасау, зорлық-зомбылық, кісі өлтіру… Өмір қыспағында қателік жасап, осындай қылмыстарға ұрынған жастардың тағдыр талайы мен өкініштері боямасыз баяндалады. Тың дерек, соны тәсіл арқылы замана тынысы шынайы әрі әсерлі суреттеледі.

Екіжүзділік, сатқындық, қатыгездік пен адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық қайшыласқан оқиғалар желісі оқырмандарын қызықтыра, өз иіріміне тарта түседі.

Автордың түпкі мақсаты – кім-кімді де өмірде қателік жасаудан сақтандыру, жамандықтың бәрі осы қателіктен бастау алатынын ұғындыру.

Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тілі жатық, жеңіл оқылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<