Сенбілік аясында ағаш көшеттерін отырғызды

359

0

Сенбі күні қазалылықтар жаппай сенбілікке шығып, аудан аумағын қоқыстан тазартты.

Сенбілік барысында Әйтеке би кентінің шет аймақтары, кент ішіндегі Қ.Пірімов, С.Сүлейменов, Әйтеке би көшелері және «Қазақ-орыс» қорымдары мен «Водокачка» елді мекеніне барар жолдың бойы қоқыстардан тазартылып, шөп жабу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар аяқсу жүретін арықтар тазаланып, орталық көшелердің бойындағы ағаштарды балақтау жұмыстары да жасалды.

Жергілікті жердің тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері қатысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Туған жерге деген сүйіспеншілігі мол аудан тұрғындары да өз қолдарымен қағаз-қалдықтарды тазалап, қызу түрде жұмыстар атқарды.

Сонымен қатар аудан көлемінде өткен сенбілік аясында Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс баһадүр атындағы саябаққа 200 түп үйеңкі ағашы отырғызылды. Ағаш отырғызу шарасына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, дербес бөлім мен мекеме басшылары және ардагерлер де қатысты.

Мұнан соң аудан басшысы сенбілік жұмыстарын аралап, туған жердің тазалығы үшін еңбек етіп жатқан жандарға сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<