Еуро-2024-ке іріктеу: Қазақстан құрамасы Данияға есе жіберді

582

0

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы жетінші турда Қазақстан құрамасы Данияға 3:1 есебімен ұтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан-Дания арасындағы матч Копенгагендегі «Паркен» стадионында өтті. Алғашқы болып алаң иелері ойынның 36-минутында есеп ашты. Йонас Винд 1:0 есебімен Дания құрамасын алға шығарды. Ойынның 45, 48-минутында Роберт Сков екі гол соғып, 1 тайм даниялықтардың пайдасына шешілді. Ал Қазақстан құрамасы қарымта голды ойынның 58-минутында соға алды. Қазақстан сапынан Ян Вороговский мергендігімен көзге түсті. Осылайша, Қазақстан құрамасы 3:1 Данияға есе жіберді. Келесі матчты Қазақстан құрамасы 17 қазанда Финляндияға қарсы өткізеді. Ойын Хельсинкидегі олимпиадалық стадионда Астана уақытымен 22:00-де өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<