Қызылордада алаяқтықтың алдын алу акциясы өтті

364

0

Қызылорда облысы ПД басшылығының ұйымдастыруымен облыс тұрғындары арасында құқықтық мәдениетті арттыру, қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру мақсатында «Алаяқтық әрекеттен сақтаныңыз!» атты акциясы өткізілді.

Акция барысында полиция қызметкерлері ірі сауда үйлерінде интернет-алаяқтықтың түрлерін, жасалу жолдарын, олардың кеңінен пайдаланылатын айла-амалдарын әшкерелеп, халыққа алаяқтардың құрығына түсіп қалмас үшін не істеу керектігін түсіндірді.

Жыл басынан бері өңіріміздегі барлық алаяқтық қылмыстардың саны 560-қа жетсе, соның ішіндегі 441-і интернет-алаяқтық. Әр ауданда, әр қалада, әр ауылда да оңай жолмен алдап ақша табатын алаяқтар баршылық.

Қазір Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, қылмыстың бұл түрінің алдын алу бойынша кең ауқымды операцияны бастап кеткен. Облыс бойынша акцияға жүзден астам полицей тартылған. Олардың бәрі әкімшілік учаскелердегі аулалар мен кіреберістерді аралауда. Тәртіп сақшылары кіреберістерге жадынамалар жапсырып және тұрғындарға буклеттер үлестіреді. Ал алаяқтыққа қарсы тұруға ең осал топ – зейнеткерлермен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Шара барысында адам көп шоғырланатын жерлерде, демалыс орындарында алаяқтық жөнінде ақпараттық үлестірмелі қағаздар таратылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<