Көшпелі отырыс өтті

373

0

Қазалы ауданы, Жанкент ауылының №104 орта мектебінде 2023 жылдың 12-қазан күні Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысы өткізілді.

💎Көшпелі отырысқа аудандық аурухананың орынбасары Әбіл Күншығар Әбілұлы, Қазалы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры М. Бегалиева, «Қазалы ауданының білім бөлімінің жалпы білім беретін кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қартқожақ Жора Қартқожақұлы, Өркендеу дәрігерлік амбулаториясына қарасты Бірлік фельдшерлік акушерлік бекетінің дәрігері Әбілда Гүлсая Балғазықызы қатысты.

💎Көшпелі отырысты аудандық аурухананың орынбасары Әбіл Күншығар Әбілұлы ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы айтты.

🔰 Күн тәртібінде:

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларда тұрмыстық зорлық – зомбылық, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстарының құрбаны болуы деректерінің қаралуы, көрсетілген көмектер туралы Қазалы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры М. Бегалиева баяндама жасады.

Өркендеу дәрігерлік амбулаториясына қарасты Бірлік фельдшерлік акушерлік бекетінің дәрігері Әбілда Гүлсая Балғазықызы ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық танымдық біліммен қамтамасыз етті.

👨‍👨‍👧‍👦Көшпелі отырысқа №102 орта мектебінің 8-9-10-11-сынып оқушылары мен ата – аналары қатысты.

💎Қатысушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шаралар, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағыты бойынша түсіндірме жұмыстары жасалды. Ата- аналар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<