Кәсіби мерекені атап өтті

410

0

«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы сексеуіл ормандарымен де әйгілі. Қорық Арал теңізі аймағында орналасқан. Барсакелмес қорығындағы сексеуіл ормандары аса құрғақ ортадағы ерекше экожүйенің сипаты болып келеді. Қорықтың орман қорының жалпы көлемі 56216 гектар, оның ішінде орманды алқаптар – 33208 гектар. Барсакелмес қорығында сексеуіл орманын қорғау және басқару осы бірегей табиғи ортаны сақтауда және оның болашақта тұрақтылығын қамтамасыз етуде басты рөл атқарады.

Қазақстандағы сексеуіл ормандары еліміздің құрғақ және шөлейт аймақтарында өсетін маңызды табиғи кешендер болып табылады. Сексеуіл осы ормандарды құрайтын негізгі өсімдік. Бұл экожүйелердің Қазақстан үшін тек экологиялық емес, әлеуметтік те маңызы бар.

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Орманшылар күні атап өтіледі. Осы орайда, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің директоры Х.Қаниев қорық қызметкерлерін орман қорғау ісіне қосқан үлестері үшін марапаттады.

Алма ЕСЕНОВА,
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<