Білім беру ұйымдарын аралады

380

0

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентіндегі бірқатар білім беру ұйымдарын аралады.

Алдымен Ардақ Ибраимов «Әл-Фараби» атындағы №201 мектеп-лицейінің жылыту маусымының басталуына байланысты ішкі бу қазандықтарының мүмкіндіктерімен танысты. Ауа райының салқындығына байланысты барлық сыныптардың ішкі жылу деңгейі бірдей болу қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар, салыстырмалы түрде Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің ішкі жылу деңгейінің жоғары екенін жеткізген аудан әкімі, мектеп асханаларындағы тағамдардың балалар үшін таза, дәмді және пайдалы өнімдер болу қажеттігін айтты.

Жалағаш кенті Дәуімбай учаскесіндегі көгілдір отын арқылы жылытылатын З.Жарқынбаев атындағы №202 мектептің ішкі жылуы жоғары деңгейде. Ардақ Ибраимов бұл ретте, білім беру ұйымдарындағы ерекше балаларға арналған арнайы сыныптар мен білікті мамандарға ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың жұмыс сапары Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде жалғасты. Техникалық жабдықтары облыс көлемінде алдыңғы қатарда тұрған білім ошағында болашақ ауылшаруашылығы саласының білікті мамандары, ісмер аспаздар білім алуда. Коледж студенттері үшін арнайы жатахана қарастырылған. Студенттерге жасалған жаңа мүмкіндіктермен танысқан Ардақ Ибраимов, спорт зал мәселесі бойынша көмек көрсететінін айтты.

Білім саласы бойынша Жалағаш ауданы нәтижелі көрсеткіштерімен облыстың көшін бастап тұр. Аудандағы оқушылар мен студенттерге қолайлы жағдай, жаңаша мүмкіндіктер сыйлау арқылы білім сапасы күн санап жақсара түспек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<