Бірқатар жұмыстар жүйелі атқарылуда

298

0

Ауданымыздың негізгі келбеті Жалағаш кентін абаттандыру жұмыстары күн тәртібінен түскен емес.

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов жауапты сала басшыларымен бірге кент орталығын толықтай аралап шықты. Сондай-ақ, Жалағаш кенті әкімдігінің жөндеу жұмыстарымен танысты.

Жұмыс жоспарына сәйкес барлық көп қабатты үйлердің ауласын тазарту, ескірген ғимараттарды қайта қалпына келтіру және көшелердің көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында сала басшыларына қатаң тапсырма берді.

Ардақ Ибраимов ауданның көрікті келбетін қалыптастыруда, тұрғындардың да қосатын үлесі зор екенін айрықша атап өтті. Жалағаш кентінің әкімі Мардан Жамалатовқа асфальт төсеу жұмыстарымен айналысып жатқан мердігерлер құрылыс қалдықтарын тазалап кету қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар, тапсырмалардың уақытылы орындалуын тікелей бақылауда ұстайтынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<