Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойы тойланбақ

340

0

Биыл қасиетті Қазалы ауданының құрылғанына 95 жыл. Бүгін осыған орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен арнайы жиын өтіп, бірқатар сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынның мақсаты – ауданның 95 жылдық мерейтойына дайындығын пысықтау. Сондай-ақ аудан көлемінде жүргізілетін тазалық жұмыстарын үйлестіру болды.

Басқосуда аудан басшысы мерейтойды жоспарға сәйкес жоғарғы деңгейде атап өту қажеттігін айтты. Сонымен қатар мерейтой аясында тазалыққа да баса мән беріп, атаулы күн қарсаңында пайдалануға берілетін әлеуметтік нысандарды уақытылы аяқтауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<