Бүгін бірқатар аймақтарда жаңбыр жауып, жел күшейеді

288

0

Фото: Kazinform

Қазгидромет ел аумағында 19 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Kazinform.  

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінің ауа райын әлі де кең ауқымды антициклон анықтайтын болады. Соған байланысты ашық, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Тек оңтүстік-батыста, күндіз батыста, солтүстік-батыста, түнде елдің оңтүстігінде фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте жел күшейеді.

ҚР бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады», – делінген Қазгидромет ақпаратында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<